Өзбекстанда пиротехникалық заттардың айналымына мемлекеттік бақылау күшейтіледі
Үкімет «Өзбекстан Республикасы аумағында пиротехникалық заттардың айналымына мемлекеттік бақылауды күшейту шаралары туралы» қаулы қабылдады.
Қаулыға сәйкес, қауіптілігі ІІ дәрежелі тұрмыстық пиротехникалық бұйымдарды жеке және заңды тұлғалар тарапынан сатылымына тыйым салынады.
Техникалық және арнайы мақсаттағы пиротехникалық бұйымдарды президенттің немесе үкіметтің жарлықтарына сәйкес бұқаралық іс-шараларда лицензиясы бар заңды тұлғалар әкеле алады.
Пиротехникалық бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар тұлғаларды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша кешенді шаралар қабылданатын болады, делінген хабарламада.