Бүгін, 2024 жылғы 27 қазанда, сағат 08:00-де Өзбекстанда Олий Мажлис Заң шығару палатасы мен жергілікті кеңестер депутаттарының сайлауы басталды.
Конституцияға сәйкес, әрбір Өзбекстан азаматы мемлекеттік биліктің өкілдік органдарына сайлау және сайлану құқығына ие.
Дауыс беру құқығы әр азаматқа тиесілі. Бұл еркін таңдау құқығы заңмен кепілдендірілген.
Бүгін өз борышын атқару мақсатында ел тұрғындары мен шетелде жұмыс істеп, оқып жатқан отандастарымыз да сайлауға қатысып, конституциялық құқықтарын жүзеге асыруда.
Сайлау кодексінің 51-бабына сәйкес, дауыс беру сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады. Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерде ашылған сайлау учаскелерінде де жергілікті уақытпен дәл осы уақыт аралығында дауыс беруге болады.
Сайлау күніне дейін немесе сайлау күні он сегіз жасқа толған кез келген Өзбекстан азаматы дауыс беру құқығына ие.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, биылғы сайлауға 19 миллион 944 мың 859 сайлаушы тіркелген.
Дауыс беру үшін он мыңнан астам сайлау учаскелері дайын.
Сайлауды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, сайлау округтері мен учаскелерді төтенше жағдайлардан және өрт қаупінен қорғау, сондай-ақ сайлау комиссиялары орналасқан ғимараттарды үздіксіз электрмен қамтамасыз ету сияқты маңызды ұйымдастыру шаралары қолға алынған.
Әрбір сайлаушы осы маңызды саяси үдеріс арқылы тек өз конституциялық құқығын жүзеге асырып қана қоймай, болашақ үшін дауыс береді.