Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда Парламент сайауына алдын ала дауыс беру басталды
13:51 / 2024-10-16

Өзбекстанда өтетін Олий Мажлис Заң шығарушы палатасының депутаттары мен халық депутаттары облыстық, аудандық және қалалық кеңестерінің депутаттарын сайлауға дайындық жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Бүгін, 16 қазаннан бастап сайлау учаскелерінде алдын ала дауыс беру басталды.

Заңнамаға сәйкес, сайлау күні тұрғылықты жерінде болуға мүмкіндігі жоқ сайлаушылар алдын ала дауыс бере алады. Алдын ала дауыс беру сайлауға он күн қалғанда басталып, үш күн қалғанда аяқталады.

Осыған орай дауыс беру үшін сайлаушы сайлау күні бола алмауының себептерін көрсете отырып, тиісті учаскелік сайлау комиссиясына өтінішпен жүгінеді.

Алдын ала дауыс беру күндері сайлау учаскелерінде дауыс беру жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі.

Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасының шет мемлекеттердегі дипломатиялық және басқа өкілдіктері жанында құрылған сайлау учаскелерінде алдын ала дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.

Айта кету керек, алдын ала дауыс беру 2024 жылдың 23 қазанында аяқталады. 

М.Комилова, ӨзА