Өзбекстанда парламент депутаттарының сайлауы өтеді
Өзбекстанда Олий Мажлис заң шығару палатасы мен жергілікті кеңес депутаттарына сайлау өтеді.
Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, парламент сайлаулары 2024 жыл 27 қазан күні өтпек.
Сондай-ақ, сайлау науқаны 2024 жылдың 26 шілдесінен басталып, күнтізбелік жоспар да бекітілген.
Айта кетейік, Заң шығару палатасының биылғы сайлауы алғаш рет мажоритарлық-пропорционалды (аралас) жүйе негізінде өтеді.