English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда пандемияға қарсы күрес жұмыстары қайта ұйымдастырылатын болды
11:37 / 2020-07-20

Мемлекет басшысының мәлімдеуімен бүгіннен бастап дәрігерлердің 14 күндік жұмыс ақысы ауруханада бөлек коммерциялы банк кассалары арқылы берілетін болды


Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев аптаның алғашқы жұмыс күні таңынан жиын шақырып, елдегі коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі мәселені жан-жақты талқылауды бастады.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларға мемлекеттегі коронавирустық ахуал күн өткен сайын нашарлауы мен соңғы 4 күн ішінде тіркелген 2136 науқастың 1218 яғни 57 пайызы, Ташкент қаласы мен облысының үлесіне тура келгенін айтқан.

Мемлекет басшысының мәлімдеуімен бүгіннен бастап вирусқа шалдыққандары емдеуші әр бір арнайы ауруханада бөлек коммерциялы банк кассалары ашылып, дәрігерлердің 14 күндік жұмыс ақысы сол жерде төлеу жүйесі енгізіледі.

Сонымен қатар коронавирустық емханаларға 285 дана өкпені жасанды желдету аппараты мен 155 тыныс алу құрылғысы, 140 оттегі концентраторы және 200 функионалды жатақпен қамту қарастырылған.

Бұдан бөлек жедел жәрдем штабындағы опреаторлардың саны 40 тан 100 кісіге жеткізіліп, 103 қысқа байланыс нөмеріне ұлану уақыты 1,5 минуттан 15 секундқа қысқартылды және Ташкент облысының жедел жәрдем қызметіне 100 «Дамас» автокөлігі берілді.

Коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеу үшін 49 түрдегі дәрі-дәрмекті жеткізуге 10 миллиард сум қаржы бөлу жоспраланып, әр бір сектор басшысы жұмыс күнін таң ертеңнен өз аймағындағы ауруханадағы жағдайды бақылаудан бастауы белгіленді.