Өзбекстанда отбасылық кәсіпорындардың саны қанша екені белгілі болды
Өзбекстан аумағында жұмыс істейтін кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша салыстырғанда, отбасылық кәсіпорындар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен жеке кәсіпорындардан кейінгі үшінші орында тұр.
Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, отбасылық кәсіпорындар 2023 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша жалпы кәсіпкерлік субъектілері санының 9,8 пайызын құраған.
Кейінгі жылдарда олардың өсуі қарқыны:
- 2019 жылы – 18 634
- 2020 жылы – 30 904
- 2021 жылы – 45 932
- 2022 жылы – 54 026
- 2023 жылы – 47 378 отбасылық кәсіпорын бар.