Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда Орталық Азиядағы алғашқы эко-университет ашылды
12:17 / 2024-02-12

Өзбекстанда Орталық Азиядағы алғашқы эко-университет өз жұмысын бастады.

Экология министрлігінің хабарлауынша, Ташкент облысында ашылған «Green University» мемлекеттік жоғары оқу орны. Ол «Hub and Spoke» принципі негізінде жұмыс істейді.

10 ақпанда Ташкент облысында Орталық Азиялық қоршаған орта және климаттың өзгеруі университетінің («Жасыл университет») ашылу салтанаты өтті. Оған Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) бас директоры Гретель Агилар да қатысты.

«Hub and Spoke» модельі стратегиялық және өзара тиімді ынтымақтастыққа, интеграцияланған білім беру жүйесін құруға, ресурстарды оңтайландыруға, студенттер мен мамандардың ұтқырлығына негізделген. Бұл жергілікті мамандардың әлеуетін арттыруға, білім мен тәжірибе алмасуға да септігін тигізеді.

 

Қазіргі уақытта университетке ынтымақтастық үшін Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, АҚШ және басқа елдердің халықаралық университеттерінен профессорлар тартылуда.