2021 жыл Өзбекстанда Ораза айт мерекесін тойлау туралы Мемлекет басшысының қаулысы қабылданды.
Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының шешіміне сай 2021 жылдың Ораза айт мейрамы 13 мамыр күніне тура келеді.
Мемлекет басшысының «2021 жылы ресми даталарды атап өту кезінде қосымша жұмыс емес күндерді белгілеу және демалыс күндерін ауыстыру туралы» жарлығына сай 14-15 мамыр күндері қосымша демалыс күні боп белгіленген.
Ораза айт мерекесін тойлау туралы қаулыға сай, Қарақалпақстан Республикасы Министрлер кеңесі, облыстар мен Ташкент қалалық әкімшіліктері, Махалла және отбасыны қолдау министрлігі, Министрлер Кабинеті жанындағы Дін істері комитети бойынша қоғамдық ұйымдар мен бірлесе республика аумағында Ораза айт мерекесін карантин талаптарына сай халқымыздың ұлттық және діни дәстүрлеріне сәйкес өтуі үшін тиісті шаралар жүзеге асырылуы белгіленген.