Өзбекстанда Ораза айт мерекесі 10 сәуір күні аталып өтіледі
Өзбекстан Мұсылмандары басқармасы Ғұламалар кеңесінің кезекті онлайн отырысында ел аумағында Ораза айтын мерекелеуге байланысты күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер талқыланды.
Жиында ғалымдар мен сала мамандары хижри жылы 1445 жылдың Шәууәл айының жаңа айында атқарылған жұмыстар мен астрономиялық есептерді жан-жақты сараланған.
Сондай-ақ, әлемнің ірі пәтуа кеңселері мен беделді астрономия институттарының мәліметтері жан-жақты қарастырылып, бұл мәселе Түркі мемлекеттерінің діни басқарма басшыларымен кеңінен талқыланған.
«Өзбекстан Мұсылмандары басқармасының Ғұламалар кеңесі фиқһ ережелеріне, астрономиялық есептерге және астрономиялық бақылауларға сүйене отырып, биылғы Рамазан айты Өзбекстанда 2024 жылдың 10 сәуірі, сәрсенбіге сәйкес келетінін мәлімдеді», - делінген хабарламада.