Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда оқушылар мен студенттерге жаңа шәкіртақы берілетін болды
13:26 / 2022-04-12

Өзбекстанда 2022-2023 оқу жылынан бастап оқушылар мен студенттерге жаңа «Заковат» шәкіртақысын тағайындау тәртібі бекітілді.

Осыған сәйкес «Заковат» зияткерлік ойынының және басқа да зияткерлік ойындардың республикалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған команда мүшелеріне жыл бойына ай сайынғы «Заковат» шәкіртақысы берілетін болады.

Шәкіртақы зияткерлік ойындардың республикалық кезеңінде мынадай тәртіпте бөлінеді:

  • 1 орын алған оқушылар мен студенттер АЕК-тің (ең төменгі жалақы) 5 еселенген мөлшерінде (қазіргі уақытта 1 350 000 сум);
  • 2 орын алған оқушылар мен студенттер АЕК-тің (ең төменгі жалақы) 4 еселенген мөлшерінде (қазіргі уақытта 1 080 000 сум);
  • 3 орын алған оқушылар мен студенттер АЕК-тің (ең төменгі жалақы) 3 еселенген мөлшерінде (қазіргі уақытта 810 сум) тағайындалды және жыл бойына ай сайын төленеді.