Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда омикрон штаммы анықталды
16:48 / 2022-01-09

ДСМ баспасөз қызметі 2022 жылдың 7 қаңтар күні Өзбекстанға келген шетел азаматында COVID-19 жаңа омикрон штаммы анықталғанын хабарлап, сақтық шаралары күшейтілетінін мәлімдеді.

Республикалық арнайы комиссияның кезекті отырысында республикада коронавирустық инфекцияны жұқтыру көрсеткіші өсіп келе жатқаны, осыған орай қарсы қажетті шараларды жалғастыру қажет екені айтылған.

Комиссия шешімімен қоғамдық орындарда маска тағу, әлеуметтік қашықтықты, жеке бас гигиенасы ережелерін қатаң сақтауға бақылау күшейтілмек. Бұл ретте ірі ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің, ірі сауда үйлері, супермаркеттер, ойын-сауық орындарына кірерде маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, дене қызуын өлшеу тәжірибесін қатаң сақтау қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар халықты толық вакцинациялау және күшейткіш дозамен егу жұмыстары жеделдетілмек.

Министрліктер мен ведомстволардың басшылары, барлық ұйымдарда жұмысшыларды вакцина алғаннан кейін жұмыс орындарына кіруге рұқсат етіледі. Осы тәртіпті бұзған мекеме басшыларына заңнамада белгіленген тәртіппен қатаң шара қолданылатын болады.

Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 2022 жылғы 15 қаңтардан бастап мынадай тәртіп енгізілді:

  • шет елдерден Өзбекстан Республикасына келушілер келуден 48 сағат бұрын коронавирусқа қарсы ПТР тест тапсырғандығы жөнінде теріс нәтижесінің болуы;
  • коронавирустық инфекцияға ПТР тестісінің теріс нәтижесі туралы сертификат болмаған жағдайда, әуежайлар, теміржол вокзалдары және шекаралық бақылау бекеттерінде коронавирустық инфекцияға экспресс-тест тапсыру талап етіледі.

Министрліктер, ведомстволар және басқа да мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік бірлестіктерге республикадағы карантиндік шектеулер жағдайында халықтың денсаулығын қамтамасыз ету, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау мақсатында түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынады.