Президент Шавкат Мирзияев ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар, олардың ата-аналары және жаттықтырушыларымен кездесуінде Оксана Чусовитинаның спорттағы даңқы, оның еліміздің спортына қосқан лайықты үлесі, халқымыздың оған деген сүйіспеншілігі туралы айтты.
- Барлығымызға белгілі, ол бірінші Олимпиада ойындарына қатысуын 1992 жылы Барселонадан бастаған еді. Содан бері ол сегіз рет үзіліссіз Олимпиадаға қатысты. Бұл шынымен де Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдік спорт тарихындағы үлкен оқиға. Ол үшін ерік -жігер мен еңбек қажет.
Оксана Александровнаның Токио Олимпиадасына қатысуы маңызды оқиға ретінде танылды. Әлемдік қауымдастық Оксананың өзіне сенімділігін көрсеткен әр қойылымын таңданыспен тамашалады.
Біз осындай аты аңызға айналған спортшылармен мақтанамыз. Оның батылдығы мен жеңіске деген ұмтылысы жас спортшылар үшін жоғары нәтиже мен даңқ мектебіне айналады, - деді Мемлекет басшысы.
Президент Шавкат Мирзияев Оксана Чусовитинаны спорттағы жанқиярлық қызметі үшін «Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген спорт ұстазы» құрметті атағымен марапаттады. Оксана Чусовитинаның болашақ бапкерлік мансабына сәттілік тілеп, оның спорт әлеміндегі мол тәжірибесі болашақ чемпиондарды дайындауға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Осылайша жауапты азаматтарға Оксана Чусовитина мен Баходир Джалоловтың спорттық шеберлік мектебін құруды және олардың қызметі үшін барлық жағдайды жасау міндеті жүктелді.