Өзбекстанда өнеркәсіп кәсіпорындарының саны 110 мыңға жуықтады
2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген өнеркәсіп кәсіпорындарының саны 109 178 жетті.
Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, олардың өсу қарқыны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 164,8 пайызды құрады.
Кейінгі жылдардың осы кезеңінде өндірістік салада тіркелген кәсіпорындар санының өсу қарқыны мынадай:
- 2019 жылы – 66 257,
- 2020 жылы – 76 822,
- 2021 жылы – 92 891,
- 2022 жылы – 98 604,
- 2023 жылы – 109 178.