Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда өндірілген және әкелінген вакцина көлемі 47,8 млн дозадан асты
15:47 / 2021-12-10

Өзбекстан аумағында коронавирусқа қарсы өндірілген және шетелден әкелінген вакцина көлемі 47,8 млн дозадан асты.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, республикада коронавирусқа қарсы вакцинация процедураларында қолдану үшін 4 358 100 дозалы ZF-UZ-VAC2001 вакцина табысталды.

Осылайша, республикадағы вакцинациялау процесінде қолданылатын вакцинаның жалпы көлемі 47 828 868 дозаны құрады.

Жалп елде қазіргі кезде коронавирусқа қарсы 6 препарат тіркеуден өткен болып, вакциналардың үлесі мынадай:

  • 1 341 790 доза Спутник V,
  • 2 404 480 доза AstraZeneca,
  • 36 789 938 доза ZF-UZ-VAC2001,
  • 3 000 060 доза - Moderna,
  • 2 316 600 доза Pfizer/BioNTech,
  • 1 976 000 Sinovac вакцинасы.

9 желтоқсан күнгі жағдай бойынша бүгінге дейін республикада жалпы 35 610 274 доза вакцина қолданылған. Ал жалпы вакцинаға қабілетті халықтың 84,5 пайызы алғашқы доза алған.