Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда індет жұқтырғандардың саны азайып келеді
11:00 / 2022-02-09

Соңғы күндері Өзбекстанда коронавирус індет жұқтырғандардың саны азайып келеді. Кеше тәулік бойы 778 азаматта инфекция анықталған.

«2022 жылдың 8 ақпан күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 231 179 (+778) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

ДСМ-нің соңғы дерегінше кеше тәулік бойы республиканың 14 аймағынан 613 азамат сауығып, 4 науқас қайтыс болды. 

Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 213 736-ға жетіп, құрбандар саны 1592 құрауда.

Сонымен қатар кеше елде пневмония жұқтырған 133 азамат тіркелген.