Өзбекстанда Наурыз мерекесі карантин талаптарына сәйкес ұйымдастырылады
Республикалық арнайы комиссияның шешімі бойынша Өзбекстанда Наурыз мерекесі карантин талаптарына сәйкес ұйымдастырылатын болады.
Өзбекстан аумағында коронавирустың таралуын болдырмау және іс-шаралар бағдарламасын дайындау бойынша өткен жиында көктемгі мереке Наурызды тойлау туралы қаулы қабылданды.
Осы шешімге сай:
- мерекелік іс-шаралар ауа-райына байланысты жағдайды ескере отырып, ашық алаңдарда, яғни саябақтарда, аллеялар мен стадиондарда өткізу;
- мерекелік іс-шаралар кезінде халықтың көп жиналмауын және келушілердің маска тағуын, әлеуметтік арақашықтықты сақтауын қамтамасыз ету;
- адамдардың көптеп топталуын болдырмау үшін, махалаларда шағын іс-шаралар ұйымдастыру шараларын қабылдау тапсырылды.
Сонымен бірге, құқық қорғау органдарына мереке кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздік шараларын қабылдау міндеті жүктелген.