Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда мүмкіндігі шектеулі жандар мемлекеттік қызметтерден кезексіз пайдаланады
14:52 / 2023-02-28

Мемлекет басшысының «Мүгедектерді қолдау жүйесін жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» шешімі қабылданды.

Қаулыға сәйкес 2023 жылы мұқтаж жандар заманауи аяқ протездеу-ортопедиялық құрал-жабдықтармен, ал «Әлеуметтік қорғаудың бірыңғай тізіліміне» енгізілген тұлғалар мен I топтағы мүгедектер сан протезі, балтыр протезі және аяқ доғасының ортопедиялық құрылғыларымен тегін қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мүгедектерді протездік-ортопедиялық құралдар және оңалту құралдарымен қамтамасыз ету үшін медициналық қорытынды талап етілмейді. I және II топтағы мүгедектер мен олардың қамқоршылары мемлекеттiк қызметтердi кезексiз пайдаланады, лауазымды тұлғалар қабылдауына кезексiз кіретін болады.

2023 жылдың 1 мамырынан бастап стационарларда емделетін мүгедек балаға күтім жасайтын тұлғалар:

  • баламен бірге болу үшін жағдай жасалады;
  • осы мерзім үшін еңбекке жарамсыздық парағы және тегін тамақ беріледі.

Педиатриялық медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиялары баланы мүгедек деп тапқан кезде, оларға зейнетақы тағайындау кезінде медициналық-әлеуметтік сарапшыға қайта жіберудің күші жойылады.