Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда мұғалімдердің зейнетке шығу жасы қысқаруы мүмкін
15:34 / 2020-11-29

Педагогтардың мәртебесі туралы заң жобасы қоғамдық талқылауға қойылды.

Атаулы жобаға сай мұғалімдердің зейнетке шығу жасын қысқарту, еңбекақысын көтеру, оларды мәжбүрлі еңбектен қорғау және мәртебесіне сәйкес келмейтін түрлі алауыздықпен күрес нормалары енгізілген.

Онда мынадай ұсыныстарды байқауға болады:

  • Педагог қызметкерлердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау мәселесінде және лауазымды азаматтардың әрекеттері бойынша сотқа шағымданған жағдайда мемлекеттік баж төлемінен босату;
  • Педагогикалық кадрларды қызметтік міндеттеріне байланысты емес жұмысқа, кездесулерге және басқа да іс-шараларға тартуға тыйым салу;
  • Мұғалімдік қызмет мәртебесі бар адамдарға төсбелгі мен куәліктер беру;
  • Оларды жалпы белгіленген зейнетке шығу жас мөлшерін бес жасқа дейін төмендетілген жеңілдікпен зейнетақы алу құқығын беру;
  • Мұғалім, тұрғын үй мен көлік сатып алу үшін оның айлық жалақысынан бағытталатын қаражатты табыс салығынан босату;
  • Мемлекеттік білім беру ұйымдары жаылған жағдайда, мемлекет бұрынғы жұмысына (лауазымына) тең келетін басқа жұмысқа (лауазымды) ауыстыруға кепілдік беру;
  • 56 жұмыс күніне ұзартылған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру, сондай-ақ демалыс берілген кезде күнтізбелік жылында бір рет лауазымдық жалақы мөлшерінде денсаулығын қалпына келтіруге материалдық көмек беру;
  • Мұғалімнің базалық неіздегі жалақысы ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен (2 миллион 230 мың сум) кем болмайтындығы белгіленіп, онда мамандығы, біліктілік санатын және ғылыми дәрежесін, мемлекеттік наградалары мен атақтарын ескере отырып үстеме ақылар төлеу;
  • Жалпы орта білім беру мекемелерінде өзінің кәсіби қызметін алғаш рет бастаған азаматқа бір оқу жылы кезеңінде мұғалім-жаттықтырушыны жүзеге асыратын педагог маманды біріктіру;
  • Мұғалым маманның көп жылдық еңбегі үшін қосымша үстеме төлеу жүйесін енгізу;
  • Педагог кадрларды кәсіби қызметі аясында жұқпалы ауруларға қарсы ақысыз профилактикалық емдеу;
  • Жоғары білімі болмаған, бірақ білім беру мекемелерінде кемінде бес жыл жұмыс стажы бар кадрларды ЖОО-ға тест емтихандарсыз ақылы негізде және қабылдау параметрлеріне қосымша жоғары оқу орнының педагогикалық бағыты бойынша сыртқы, кешкі және қашықтан білім алуға сұхбат негізінде оқуға қабылдау.