Өзбекстанда алғаш рет мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде су электр стансасы салынады.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, «Узбекгидроэнерго» АҚ жалпы қуаты 46,6 МВт, орташа жылдық өндіріс көлемі 179 млн кВтсағ және жалпы құны 106,9 млн долларды құрайтын 5 зауыт – «Қизилдарё», «Сувлисой», «Дукентсой», «Куксув» ва «Қуйи Кўксув» су электр станциясы жобасына инвесторларды (жеке серіктес) тарту мақсатында тендерге шығарды.
Бұл Өзбекстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) негізінде салынатын алғашқы су электр станциясы болады.
Дүниежүзілік банктің «Институционалдық әлеуетті арттыру» гранттық қаражаты есебінен МЖӘ негізінде салу жоспарланған нысандарға жоғары білікті шетелдік кеңесшілер жіберілген.
Атап айтқанда, қаржылық кеңесші ретінде «Synergy Infrastructure and Financial Advisory Services Inc.», техникалық кеңесші ретінде «Dolsar Engineering» және заң кеңесшісі ретінде «UNICASE» таңдалған. Бұл компаниялар жобалық құжаттарды халықаралық стандарттарға сәйкестендірумен айналысады.
Тендер жалғыз лот бойынша тамыз айында өтеді. Бұл жобаларды жүзеге асыруды жеңілдету, процесті оңтайландыру және тиімділік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін жасалғаны айтылған.