English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда мектеп бітіру және ЖОО-ға түсу емтихандары біріктіріледі
14:57 / 2020-07-25

Осы жөніде Президент Жарлығының жобасы талқылауға қойылды


Жалпы орта мектеп бітірушілердің қорытынды мемлекеттік аттестациясы және жоғары оқу орындарына түсу емтихандары бірыңғай емтихан бағдарламасына енгізіледі. Осы жөніде Президент Жарлығының жобасы талқылауға қойылды.

Бұл жобаға сәйкес, 2021-2022 оқу жылында тәжірибе ретінде Өзбекстан Республикасының білім беру ұйымдарына қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссиямен анықталған аймақтағы жалпы орта мектеп және академиялық лицей, ал 2022-2023 оқу жылынан бастап барлық жалпы орта білім беретін мектептер мен академиялық лицейлер және 9 сыныптан қабылдайтын кәсіптік мектептер түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестаттау және жоғары оқу орындарына түсу емтихандары бірыңғай түре тестілеуден өтетін болады.

Мұнда:
Жалпы орта мектептердің түлектері мемлекеттік пәндер бойынша қорытынды емтихан ретінде үш пәннен - ана тілі (өзбек, орыс немесе қарақалпақ), математика және Өзбекстан тарихы (бұдан әрі - міндетті пәндер) бойынша тест тапсырады;

Міндетті пәндер бойынша тестілеу нәтижелері жалпы білім беру ұйымдарының түлектерінің жалпы білім туралы құжатына (аттестат, диплом) қойылады;

Жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдіретін жалпы білім беру ұйымдарының түлектері ерікті негізде бакалавриат бағытына сай қатысты пәндер бойынша тест тапсырады;