Өзбекстанда медицина мамандығын бітірген түлектер жағдай ауыр өңірлерге жұмысқа тартылады
Бұл жөнінде Президент Жарлығы қабылданды
Өзбекстанда ЖОО-да медицина мамандығын грант негізінде бітірген түлектер жағдай ауыр болған өңірлерге 1 жылдық мерзімде жұмысқа тартылатын болды.
Бұл жөнінде Мемлекет басшысының «Коронавирустық індетті жеңілдету, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық пен халықтың денсаулығын сақтау жүйесін түбегейлі жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы қабылданды.
Жарлыққа сәйкес, ауылдық медициналық орталықтардағы, отбасылық емханалардағы және көп салалы орталық емханалардағы кіші және орта медициналық персоналға арналған бос орындар медициналық оқу орындарының түлектері, зейнеткерлер және басқа да медициналық мамандар қатарынан толықтырылады.
Карантиндік шаралар аяқталғанға дейін мемлекеттік медициналық гранттар негізінде оқитын барлық медициналық жоғары оқу орындарының түлектері жағдай нашарлау болған облыстарға 1 жылға дейін жұмысқа жұмылдырылатын болды.