Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда маймыл шешегі ауруына қатысты бақылау күшейтілді
16:35 / 2024-08-20

Санитарлық-эпидемиологиялық қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің ақпаратына сәйкес, бұл дерттің республикаға енуіне жол бермеу шаралары жүргізілуде.

Атап айтқанда, аурудың шетелден таралуына жол бермеу мақсатында халықаралық әуежайларда, теміржол және автомобиль өткелдеріндегі санитарлық бақылау пункттерінде мамандардың қырағылығы күшейтілген.

«Мамандар «маймыл шешегінің» этиологиясы, клиникасы, эпидемиологиясы және алдын алу бойынша әдістемелік құрал негізінде оқытылды.

Сондай-ақ медициналық мекемелер мен қажетті дәрі-дәрмек қоры жасақталды. Науқаспен байланыста болғандарды 21 күн бойы медициналық бақылауды ұйымдастыру туралы шешім қабылданды», делінген хабарламада.

Дәрігерлердің айтуынша, «маймыл шешегі» вирустық инфекциясы адамға жұғатын ауру. Ол  ластанған заттармен немесе ауру жануарлар және жыныстық қатынас арқылы жұғады.