Өзбекстанда мал шаруашылығын дамыту үшін Дүниежүзілік банктен 300 миллион доллар несие алынбақ
Өзбекстанда мал шаруашылығын дамыту мақсатында Дүниежүзілік банктен 300 миллион доллар несие алынады.
Бұл туралы Президент Шавкат Мирзияев «Өзбекстан Республикасында мал шаруашылығы саласын және оның салаларын дамыту бойынша 2022-2026 жылдарға арналған бағдарлама туралы» қаулыға қол қойды.
Қаулыға сай, елдегі мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістің заманауи әдістерін кеңінен енгізу, сол арқылы қосымша құн тізбегін құру мақсатында қабылданған.
Құжатта Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігіне Ветеринария және мал шаруашылығын дамыту мемлекеттік комитетімен, Қаржы министрлігі және мүдделі министрліктер, ведомстволармен бірлесіп мал шаруашылығы мен осы саланы дамытуға 2022 жылы Дүниежүзілік банктің 300 миллион доллар көлеміндегі несие алу бойынша шаралар қабылдау тапсырылған.