Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда мұнай мен табиғи газ өндіру күрт төмендеді
08:18 / 2020-02-24

Есесіне жанармай өндірісі едәуір артқан


Өзбекстанда 2020 жылдың қаңтар айы көрсеткішіне сай мұнай мен табиғи газ қазып алу мөлшері күрт төмендеп, есесіне жанармай өндірісі артты.

Мемстатистика хабарлауынша, 2019 жылдың қаңтар айында 71,6 мыңтонна бензин өндірілген болса, 2020 жылда бұл 93,6 мыңға артқан. Дизел отыны өткен жылда 81,7 мың тонна болған, ал биылғы көрсеткіш 100 мыңға жеткен.

Қазіргі уақытта ел аумағындағы мұнай және газ кен орындарында қазып алу процесі біраз төмендегені байқалады. Өйткені 2019 жылдың қаңтарында 60 мың тонна мұнай қазып алынған болып, қазіргі көрсеткіш 19,2 мың тоннаға түсіп қалған. Салыстыра келсек бұл жағдай осы жылдың алғашында мұнай өндірісінің күрт төмендегенін көрсетеді. Табиғи газ өндірісінде де кезең мен салыстырсақ 2019 жыл өндіріс 5,28 миллиар куб метрді құраған, ал биылғы көрсеткіш 4,75 миллиар куб метр мөлшермен шектелген.