Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда ұлттық анимациялық кейіпкерлерді жасауға байқау жарияланды
18:32 / 2019-10-29

Халықаралық анимация күніне арналған шығармашылық кеште жарияланды.


Бұл сайыс Ташкентте Халықаралық анимация күніне арналған шығармашылық кеште жарияланды.

Байқау қоры 50 миллион сумды құрайтын бұл сайыс, Өзбек ұлттық мультипликациялық кейіпкерлерін жасау. Сол орында өткен Халықаралық анимация күнінде сүйікті мультфильм кейіпкерлерінің жоқтығы мен жеке анимациялық студиялардың жұмысы және аниматорлардың материалдық-техникалық базасының мәселелері талқыланды.

Осы шара аясында, жергілікті мамандарды даярлау және анимациялық фильмдер шығаруға қосымша қаржы бөлу мен шетелдік сарапшылар және білікті аниматорларды тарту туралы шешімін таппай келе жатқан проблемалар жөнінде сөз айтылып, ұлттық анимацияны дамыту үшін «Жол картасын» дайындауға байланысты жұмысшы тобын құру жөнінде келісілді.

«Өзбеккино» Ұлттық агенттігінің басшысы Фирдавс Абдухаликовтың сөзіне қарағанда, алдағы уақытта Өзбекстан аниматорлар ұйымын құру жоспарланып, онда Өзбек ұлтының нағыз келбетін бейнелейтін, жан дүниесін сомдайтын кейіпкерлерді жасайтын мамандармен толығарына сенімдіміз, дейді.