Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда әлеуметтік келісімшарт жүйесі енгізіледі
09:55 / 2021-03-03

Өзбекстанда халықтың күнкөрісі төмен табын әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында әлеуметтік келісімшарт жүйесі енгізіледі.

Министрлер кабинетінің «Халыққа мемлекеттік әлеуметтік қызмет және көмек көрсету жүйесін жетілдіру шаралары туралы» жарлығы жобасы жарияланды.

Осы қаулы жобасының негізгі міндеттері - жұмыссыз азаматтарға, кедей отбасы мүшелеріне олардың жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік қолдауын қамтамасыз ету үшін мемлекет қаражаты есебінен берілетін қаржылық көмек пен субсидиялардың тиімділігін арттыру мақсатында әлеуметтік келісімшарттар жүйесін енгізу қарастырылған.

Мемлекеттік әлеуметтік қызметтер мен көмек көрсету кезінде әлеуметтік келісімшарт технологиясын енгізуден күтілетін нәтижелер:

  • әлеуметтік қызметті немесе көмекті пайдаланушының еңбек әлеуетін іске асыру;
  • кәсіпкерлік қызметті күшейту және өзін-өзі жұмыспен қамтуға тарту;
  • ақшалай немесе заттай түрдегі тәуелсіз тұрақты табыс көздері есебінен азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту;
  • әлеуметтік қызметтерді немесе көмек пайдаланушылардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және олардың тәуелділік мұқтаждығын азайту.

Әлеуметтік келісімшарт - жеке тұлға мен оның тұрақты және уақытша тұрғылықты жеріндегі еңбек органы арасында келісім жасалып, ол еңбек органын жеке тұлғаға мемлекеттік әлеуметтік қызметтер мен көмек көрсетуге міндеттесе, ал жеке тұлғаны әлеуметтік шартта көзделген шараларды жүзеге асыруға міндеттейді.