Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда әлеуметтік желіде пайда тапқан азаматтар салық төлейтін болды
09:51 / 2020-08-12

Өзбекстанда әлеуметтік желідегі мыңдаған оқырманы бар азаматтар өз парақшасында түрлі жарнама  (Giveaway) жасауарқылы тапқан табысынан үкіметке салық төлеуі міндетті екені айтылды


Өзбекстанда әлеуметтік желідегі мыңдаған оқырманы бар пайдаланушылар (блогер, шоу бизнес өкілдері т.б) өз парақшасында түрлі жарнама  (Giveaway) жасауарқылы тапқан табысынан үкіметке салық төлеуі міндетті екені айтылды. 

Мемлекеттік салық комитеті: «Әлеуметтік желілерде (Giveaway) жарнамалық қызметпен айналысатын азаматтар табыс салығын 12 пайыз мөлшерінде табыс салығын төлеуі керек (2020 жылдың 1 шілдесіне дейінгі табыс бойынша). Бұл жөнінде тұрақты мекені бойынша салық органына жылдық кірістер туралы декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей ұсыну қажет.

Бұл түрдегі салық кодексі Президенттің биылғы 8 маусымдағы жарлығымен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар айналысатын іс-шаралар тізімі кеңейтілген болып, онда АКТ саласында қызмет көрсету - «Әлеуметтік желілердегі қызмет» (әлеуметтік желілердегі қызметтер мен айналысу, жарнама (SMM), әлеуметтік желілердің әкімшісі) түріде кіреді.

«Осы жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік желілердегі қызмет, яғни әлеуметтік желілердегі қызметтерді жарнамалау және әлеуметтік желілердің әкімшісі өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде тіркелген жағдайда жеке табыс салығы салынбайды. Бұл жұмыс тәжірибесіне ие болу үшін 2020 жылы базалық есептеу сомасының (111,5 мың сум) 50% -ынан кем емес мөлшерде төлеу қажет болады», - делінген Мемлекеттік салық комитеті хабарында.