Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда өкпені жасанды желдету аппаратының өндірісі басталды
15:50 / 2020-06-27

Бұл инвестициялық жобаға 8 млн доллар көлемінде қаржы жұмсалып жыл соңына дейін мұндай құрылғыдан 100 дана шығару жоспарланған


Өзбекстан Орталық Азия елдері арасында алғаш рет өкпені жасанды желдету аппаратының өндірісін бастап, құрылғының бірінші нұсқасын жасап шықты.

«Технополис Москва» арнайы экономикалық аймағының резиденттік компаниясы «Chirana Asia» брендімен келісім шарт арқылы Ташкентте бұл аппараттың өндірісін жолға қойған.

Бұл инвестициялық жобаға 8 млн доллар көлемінде қаржы жұмсалып жыл соңына дейін мұндай құрылғыдан 100 дана шығару жоспарланған. Ал келесі жылда оны 500-ге жеткізу мен 500 наркозды-тыныс алу қондырғысын жасау көзделген. 

Атаулы зауыттың ашылуы осы жылдың тамыз айына жоспарланған. Онда 100-ге уық қызметші жаңа жұмыс орынымен қамтылып, зауыт басшылығы мұндағы шыққан аппараттарды Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Ауғанстанға сатуды мақсат еткен.