Өзбекстанда коронавирустық вакцина сынағына қатысушылардың саны артты
Өзбекстанда коронавирустық вакцина сынағына қатысушы еріктілер саны 5 мың емес, 9 мың адам қатысатын болды.
Инновациялық даму министрлігі қытайлық Zhifei Loncom Biofarmaceutical компаниясы жасаған ZF 2001 вакцинасының үшінші сынақ кезеңі жалғасып тұрғанын мәлімдеп, зерттеулер аясында бұрын хабарланғандай 5 мың емес, 9 мың ерікті қатысатынын айтқан.
Зерттеулер ауқымы кеңейуінің себебі ретінде:
- Біріншіден – 2 және 3 дозада вакцинация кезеңінде сынаққа қатысушылар санының азаюы мүмкіндігінде.
- Екіншіден – Өзбекстандағы коронавирустық жағдай тұрақтанғандықтан, коронавирустың вакцина алушыларға әсерін зерттеу қиын. Өйткені вакцинаның әсері вирус ағзаға әсер еткенде анықталады.
Өз кезегінде, вакцина сынақтарына қатысқан еріктілердің жартысы вакцинаның орнына плацебо қабылдағаны туралы айтылған хабарламада.