Өзбекстанда коронавирустық аурулар саны 100 335-ке жетті
«2021 жыл 30 мамырдағы жағдай бойынша Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 100 335 (+211) адамға жетті», - делінген министрлік ақпаратында.
Статистика бойынша, кеше елдің 12 аймағында тіркелген науқастардың ең көбі Ташкент қаласы (85 адам) мен Ташкент облысынан (65 адам) екені белгілі болды.
Соңғы дерекке сай өткен тәулікте сауыққандар қатары 207-ге көбейіп, жалпы сауығу көрсеткіші 96 пайызды құрауда (95 993 азамат).
Дәл қазіргі сәтте республикадағы ауруханаларда 3652 науқас дәрігерлер бақылауында ем қалуда.