Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирустың «Пирола» штаммы анықталған жоқ
11:57 / 2023-09-19

Санитарлық-эпидемиологиялық комитет алаңдауға негіз жоқ екенін атап өтті.

Әлеуметтік желілерде коронавирустың «Пирола» деп аталатын жаңа штаммы әлемнің бірнеше елдерінде кеңінен таралып жатқаны және бұл мутация Израиль, Канада, Дания, Ұлыбритания, Оңтүстік Африка, Швеция, Норвегия, Швейцария, АҚШ және Таиландта тіркелгенә жайлы хабар тарады. Қазіргі уақытта Өзбекстанда және көршілес елдерде коронавирустың бұл штаммы тіркелмеген, деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық комитет.

«Уайымдауға негіз жоқ, еліміздегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты», - делінген хабарламада.

Ведомство дерегінше вирусология ғылыми-зерттеу институтында вирус геномын зерттеу (секвенирлеу) нәтижелері бойынша Өзбекстандағы науқастардың 100 пайызында «омикрон» штаммының әртүрлі нұсқалары бар екені анықталған.