Өзбекстанда коронавирустың «үнді» штаммы анықталды ма?
Өзбекстанда алғаш рет коронавирустың «үнді» штаммының табылғаны туралы хабарламалар қоғамда кең пікірталас туғызды. Осы жағдайға байланысты Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және қоғамдық денсаулық сақтау қызметі басшысының орынбасары Нурмат Отабеков бұл туралы түсініктеме берді.
Шын мәнінде, біздің елдің тұрғындары Өзбекстан аумағына коронавирустың жаңа түрінің келуіне мұқият назар аударуды дағдыға айналдырды. Бұған дейінгі COVID-19 індетінің «британдық» штаммы елде алғаш рет анықталған кезде де, біз осы жағдайдағы шуға куә болдық. Шындығында, бүкіл әлем бойынша күрделі пандемия жағдайында бұл қалыпты жағдай ретінде қабылдануы керек.
Ал, алдыңғы қатарлы технологиялар орталығында коронавирустың «үнді» штаммы анықталды деген жаңалыққа келетін болсақ, алғашқы зертханалық зерттеулердің нәтижелері бұл болжамды растауда. Бірақ дұрыс қорытындыға келу үшін түпкілікті талдауды жан-жақты зерттеу қажет», - деген Нурмат Отабеков ДСМ баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.