Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирустық науқастардың 93 пайызы сауығып шықты
23:50 / 2020-08-31

Қазіргі кезде ел аумағындағы ауруханаларда ем қабылдап жатқан 2298 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда


Өзбекстанда жалпы коронавирустан сауыққандар саны 93 пайызды құрады.

Денсаулық сақтау министрлігінің 31 тамыз күнгі кешкі қорытынды хабарына сай республикада жаңдан 365 кісінің індет жұқтырғаны тіркелген және 456 науқас сауығып отбасына оралса, 5 науқастың қайтыс болғаны айтылады.

Республикадағы коронавирустық жағдай күн өткен сайын жақсарып келеді. Қазіргі уақытта елдегі жалпы індет расталған науқастар саны 41 894-ке жетіп, олардан 39 275 кісі сауығып шықты. Өкінішке орай бүгінге дейін 320 өлім жағдайы тіркелген.

Бүгінде ел аумағындағы ауруханаларда ем қабылдап жатқан 2298 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 275 жағдайы ауыр, 147 өте ауыр хәлде, делінген министрлік хабарында.