Өзбекстанда алғаш рет коронавирустың британдық штаммы тіркелді.
Денсаулық сақтау министрігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа штамм 2021 жылы 23 қаңтарда отбасы мүшелерімен БАӘ-де демалыстан Ташкентке оралған 10 жасар қызда анықталған.
Белгіленген тәртіп бойынша, азамат халықаралық әуежайда экспресс әдісімен тексерілгенде, оның нәтижесі індет жұқтырғанын көрсеткен. Осыдан кейін науқас жедел жәрдеммен дереу жұқпалы аурулар емханасына жеткізіліп, сол күні-ақ науқас ауруханада функционалды және клиникалық тексерулерден өткізілген және оның ауруына симптомсыз диагнозы қойылған.
«SARS-CoV-2 вирусының геномын зерттеу үшін Инновациялық даму министрлігі жанындағы озық технологиялар орталығына Инфекциялық науқастар ауруханасынан 33 ПЗР оң нәтижелі тамақ-мұрын сынамалары «британдық штаммды» анықтау үшін жіберілген еді. Бұл сынамалар бірінші кезеңде ПЗР скринингімен тексерілді. Нәтижесінде олардың арасында мутацияланған үлгілер де анықталды. Екінші сынақ кезінде мутацияланған үлгілердің бірінің геномының бөліктерінде «британдық штамға» тән қосымша мутацияның бар екендігін расталды. Бұл нәтиже 10 жастағы науқас Ш. (қызға) тиесілі екендігі белгілі болды», - деген министрдің орынбасары Баходир Юсупалиев.
Қазіргі уақытта науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық және ол тиісті медициналық стандарттарға сәйкес ем қабылдауда. Науқаспен бірге болған отбасы мүшелерінде ауру белгілері байқалмағандықтан оларды үй жағдайында оқшаулануға рұқсат берілген.
Денсаулық сақтау министрлігі осы жағдайға орай халықты сақтыққа, медициналық маскаларды дұрыс және үнемі қоғамдық орындарда және жұмыс орындарында тағып жүруге, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, күнделікті қол жуу сияқты әдеттерді сақтауға шақырады.
Еске салар болсақ, 2020 жылдың желтоқсан айы ортасында Ұлыбританияда коронавирустың жаңа мутациясы анықталды. Осы жағдайдан кейін көптеген елдер Ұлыбританиямен әуе қатынасын шектетеді. Олар қатарында Өзбекстан да Ұлыбританиядан бөлек Италия, Германия, Дания, Австрия, Австралия, Нидерланды және Оңтүстік Африка Республикасы елдерімен әуе қатынасын шектеп, бұл мерзімді 1 наурызға дейін ұзартқан болатын.