Өзбекстанда коронавирустан 23 науқас өлімі тіркелді. Аурулар саны 8,1 мыңнан асқан
Өзбекстанда 29 маусым күні коронавирустан тағы бір науқастың қаза болғандығы белгілі болып, елдегі вирус жұқтырғандар саны 8199-ға жетті
Өзбекстанда 29 маусым күні коронавирустан тағы бір науқастың қаза болғандығы белгілі болып, елдегі вирус жұқтырғандар саны 8199-ға жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарынша Бухаралық 1962 жылы туған М.С. есімді азамат 21 маусымда коронавирусты жұқтырды деген күдікпен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілдген.
Науқас (әйел) бұған дейін, соңғы 8 жылда жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, артериялық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі диагнозымен емделген. Емханада науқасқа мамандардың стандартты бақылау жүргізуіне қарамастан, науқас жедел жүрек қан тамыры және тыныс жетіспеушілігінен қайтыс болды, - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаменті хабарында.
Қазіргі уақытта Өзбекстанда вирус расталған жағдай 8199-ға жетіп, оның 5426 емделіп шыққан. Өкінішке орай 23 жан індеттен көз жұмған.