Өзбекстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды
Бүгін, 1 сәуірден бастап Өзбекстан аумағында халықты коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды.
Осы мақсатта республика бойынша 3138 вакцинация пункті мен 862 белсенді медициналық бригада дайындалған.
Жоспар бойынша бірінші кезекте 65 жастан асқан азаматтар мен медициналық қызметкерлерге және созылмалы аурулары бар азампаттар, мектеп пен мектепке дейінгі мекемелері, қарулы күштермен және құқық қорғау орган қызметкерлерін вакцинациялау көзделген.
Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс бөлімінің хабарлауынша, вакцинация процесіне 4 мыңнан астам дәрігер мен 11 мыңнан астам фельдшер тартылған.
Қазіргі уақытта елде Өзбекстан мен Қытай бірлесіп өндірген доза ZF-UZ-VAC 2001 вакцинасының 1 млн дозасы және 660 мың дозалы AstraZeneca вакцинасы бар.