Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакциналанған азаматтар саны 430 мыңнан асты
Өзбекстанда сәуір айының алғашқы күнінен басталған халықты жаппай вакцинациялау аясында бүгінге дейін 430 727 азаматқа вакцина егілді.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 19 сәуір күні ел аумағында 27 591 азамат вакцина алған. Аймақтар арасында ең көп вакцина алғандар Ферғана облысында – 62 849 адам.

Қазіргі уақытта Өзбекстан аумағындағы вакцинация аясында 1,66 млн доза мөлшердегі (AstraZeneca, ZF-UZ-VAC 2001) вакцина қолданылуда. Сәуір айының соңына дейін тағы 1 миллионнан астам вакцина жеткізіледі деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, елдегі вакцинация жоспары бойынша 3 айда 4 млн тұрғынды вакциналау көзделген.