French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакциналанған азаматтар саны 300 мыңнан асты
11:11 / 2021-04-15

Өзбекстанда 1 сәуірден басталған халықты жаппай вакцинациялау аясында қазірге дейін 300 854 азаматқа вакцина егілді.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 14 сәуір күні ел аумағында 43 896 азамат вакцина алған. Екі апталық көрсеткіш бойынша аймақтар арасында ең көп вакцина алғандар  Ферғана облысына тура келеді (47 946 адам). Ал Әндіжан мен Наманған облысарында бүгінге дейін 30 мыңнан астам тұрғын азамат вакциналанған.

Қазіргі уақытта Өзбекстан аумағындағы жаппай вакцинация аясында 1,66 млн доза мөлшердегі вакцина қолданылуда. AstraZeneca вакцинасымен 2 рет және ZF-UZ-VAC 2001 вакцинасымен 3 рет вакцинациялау жоспарланған. Яғни, вакцинация екі түрлі вакцинада екі түрлі жолмен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Өзбекстандағы жеке клиникаларға COVID-19-ға қарсы ақылы егулер жүргізуге рұқсат берілген. 

Вакцинацияның толық курсын аяқтаған азаматтарға QR-код сертификаты беріледі.

Вакцина 65 жастан асқан азаматтарға және COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары медициналық қызметкерлерге тегін егілуде.

Естеріңізге сала кетейік, елдегі вакцинация жоспары бойынша 3 айда 4 млн тұрғынды вакциналау көзделген.