Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 500 мыңнан асты
09:51 / 2021-04-23

22 сәуірде Өзбекстан бойынша жалпы 23 369 адамға COVID-19-ға қарсы вакцина егілді.

«Осылайша, бүгінгі күнге дейін елімізде коронавирусқа қарсы вакцинацияланған адамдардың саны 510 329-ға жетті», - деп хабарлады министрлік.

ДСМ-нің соңғы мәліметінше, 22 сәуірдегі вакцинация бойынша мына аймақтар жоғары нәтиже көрсеткен:

Сұрхандария облысы (4130 адам),

Наманган облысы (2882 адам),

Ташкент облысы (2847 адам),

Самарқанд облысы (2604 адам),

Қашқадария облысы (2571 адам).

Республикада 1 сәуір күні басталған вакцинация аясында коронавирусқа қарсы егілген халықтың жалпы саны бойынша үздік үш облыс қатарында Ферғана (70757 адам), Наманган (54 960), Әндіжан (50 910) аймақтары тұр.