Өзбекстанда коронавирусқа қарсы бірқатар шектеулер алынып тасталды
Өзбекстан аумағына кірерде вакцина алған шетелдіктерден ПТР-тест тапсыруды талап ету міндеті жойылды.
Республикалық арнайы комиссияның шешімімен коронавирусқа қарсы бірқатар талаптар жойылды.
Атап айтқанда, 2022 жылдың 16 наурызынан бастап Өзбекстанның Тәжікстанмен шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысы қайта жанданады.
Сондай-ақ Өзбекстанға келушілерге республикаға кірерден кемінде 48 сағат бұрын тапсырылған коронавирустық инфекцияға ПТР тестінің теріс нәтижесі болуы туралы талап алынып тасталды.
Шет елдерден Өзбекстанға келушілерде вакцинация туралы куәлігі немесе төлқұжаты болса, ПТР сынамасының нәтижесі және коронавирустық инфекцияға экспресс-антиген сынағы талап етілмейді.