Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирусқа қарсы 14 санаттағы азаматтарға вакцина егу міндетелді
10:14 / 2021-07-18

Өзбекстанда 18 жастан жоғары болған халықтың бірнеше бөлігіне коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинация міндетті болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 17 шілдеде Республикалық арнайы комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Онда елдегі 18 жастан жоғары болған халықтың бірнеше бөлігіне коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинация егу міндеті жүктелді.

Арнайы комиссияның шешімі бойынша:

  • 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 18 жастан асқан халықтың белгілі бір тобы коронавирустық инфекцияға міндетті вакцинаның І компонентін;
  • 1 қазанға дейін міндетті вакцинаның ІІ компонентін;
  • 1 қарашаға дейін міндетті вакцинаның ІІІ компонентін (денсаулыққа қарсы көрсетілім жағдайларын қоспағанда) алу мерзімі бекітілді.

Осы санатқа жататын тұрғындар тізімінде:

  • халықпен байланыста болатын барлық типтегі қызмет көрсету нысандарының (халыққа қызмет көрсету орталықтары, пошта бөлімшелері, банк, лизинг компаниялар, нотариус, сақтандыру компаниялары, сұлулық салондары, шаштараздар және т.б.) қызметкерлері;
  • барлық типтегі сауда нысандарының (тамақ, тұрмыстық тауарлар, киім дүкендері, дәріханалар және т.б.) қызметкерлері;
  • спорт мектептері мен спорт орталықтарының қызметкерлері;
  • мәдени-сауық мекемелерінің және демалыс аймақтарының қызметкерлері;
  • қонақ үйлер, жатақхана, хостелдер, отелдер мен кемпингтердің қызметкерлері;
  • жолаушылар тасымалымен айналысатын мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері;
  • мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындарының қызметкерлері;
  • әскери қызметшілер;
  • қоғамдық тамақтану мекемелерінің қызметкерлері, атап айтқанда, қоғамдық орындардағы жылдам тамақтану орындарының, шайхана, тойхана, кафел мен мейрамхана, оның ішінде өнім жеткізумен айналысатын қызметкерлер;
  • барлық типтегі мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық және медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері;
  • коммуналдық қызметтердің жұмысшылары;
  • байланыс және телекоммуникация объектілерінің қызметкерлері;
  • мемлекеттік органдар мен әкімшіліктің қызметкерлері;
  • құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.