Өзбекстанда коронавируспен ауырған науқасты емдеу үшін қанша қаражат кетеді?
Республикада коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы 15 наурыз күні Ташкентте тіркелген
Қазіргі уақытта Өзбекстанда емделіп жатқандар науқастар, ауру екені күдіктілер мен карантинде жатқандардың барлығы мемлекет бюджет есебінен тегін емделетін болып, 23 сәуір күнгі бақылау бойынша елде 1716 науқас тіркелген.
Денсаулық сақтау министрі Халықаралық персс-клубтың кезектегі өткен шығарылымында коронавируспен ауырған жандарға қанша қаражат жұмсалғанына айқындық енгізді. Министрдің айтуынша, Өзбекстанда коронавирус жұқтырып емделіп жатқан орташа жағдайдағы әрбір науқас үшін 32 миллион сум қаржы жұмсалған. Ал жағдайы ауыр хәрде болғандар мен жансақтау бөлімніде ем қабылдаған жандар үшін орташа әрбіріне 64 миллион сумнан ақша жұмсалған.
Сонымен қатар 14 күндік карантин мерзімдегі бақылау орталығында болған азаматтардың әр қайсысына 2,4 миллион сумнан, індеттен сауығып оқшаулау орталығына ауысқан науқастың толықтай жазылуына 2,8 млн сумнан қаржы жұмсалуда, дейді Алишер Шодмонов.
Өзбекстанда коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы 15 наурыз күні Ташкентте тіркелген болып, қазірге дейін сауықандар саны 450-ге жетті және 7 кісі қайтыс болған.