Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирус жұқтыру бойынша антирекорд жаңарды
11:46 / 2021-04-24

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте ел аумағында 400-ге жуық адамға коронавирус диагнозы қойылғаны туралы хабарлады. Күндік көрсеткіш бойынша бұл жаңа антирекорд.

«2021 жылдың 23 сәуіріндегі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирус жұқтырғандар саны 88 679 (+399) жетті», - делінген хабарламада.

Бүгінге дейінгі ең жоғары күндік COVID-19 статистика 384-ті құраған болатын.

Сондай-ақ, кеше 304 науқас сауығып шығып, бір науқас қайтыс болған.

Елдегі індеттен сауыққандардың жалпы көрсеткіші 85 536-ға жеткен. Өлім саны 642 құрауда. 

Қазіргі уақытта республикада 2501 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 238-ның жағдайы ауыр, ал 113 науқастың хәлі өте ауыр екендігі хабарланған.