Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны төртінші күн қатарынан артып келеді
11:23 / 2022-06-18

Өзбекстанда соңғы күндері коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. Кеше елдің 6 аймағынан 90 азаматта індет анықталған.

«2022 жылдың 17 маусым күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 239 525 (+90) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.

Жаңадан індет жұқтырғандар Әндіжан (2 адам), Бұхара (4 адам), Қашқадария (1 адам), Сұрхандария (2 адам), Ташкент облыстарында (7 адам) және Ташкент қаласында (74 адам) анықталған.

Сонымен қатар, өткен тәулікте республиканың бес аймағынан 50 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 237 599-ға жеткені айтылады.

Қазіргі уақытта елдегі сауығу көрсеткіші 99 пайызды құрауда.