Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті
10:38 / 2021-04-17

Өзбекстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны соңғы екі күнде күрт өсті.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 16 сәуірде Өзбекстанда тағы 316 адамға коронавирустық инфекция диагнозы қойылды. Бұл 2021 жылғы жаңа анти-рекорд. Бұған дейінгі анти-рекорд (292 адам) 15 сәуірде тіркелген. Қазірде елдегі тіркелген коронавирус жұқтырғандар саны - 86 338-ге жеткен.

Ташкент қаласы республикада коронавирустың қайнар көзі болып тұр. Өйткені, кеше індет анықталғандар арасындағы 227 азамат қала тұрғындары екені белгілі болды.

ДСМ-нің соңғы дерегінше, 16 сәуірде 189 кісі індеттен сауығып, бір науқас көз жұмған. Әзірге дейін аурудан айыққандар саны 83 838 (97 пайыз) жетіп, өлім көрсеткіші 636 құрауда.

Қазіргі уақытта республикада 1864 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 238-ның жағдайы ауыр, 109 науқастың хәлі өте ауыр екендігі айтылған.

Елдегі эпиджағдай нашарлауына байланысты Премьер-министр Абдулла Арипов шұғыл түрде Респудликалық комиссия жиынын шақырды. Онда 18 сәуірден бастап карантиндік ережелердің сақталуын бақылау одан әрі күшейтілетіні айтылды.