Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 75 мыңға жуықтады
10:10 / 2020-12-13

Өзбекстанда ресми коронавирус статистикасы 12 желтоқсандағы жағдай бойынша 74 956 кісіге жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, республикада өткен тәулік бойы індет жұқтырған 145 кісі тіркелген және 159 азамат аурудан сауығып шыққан. Елдегі сауығу көрсеткіші қазірде 97 пайыз немесе 72 243 жанды құрауда.  

Қазіргі уақытта республикада 2101 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 177 жағдайы ауыр, 33 хәлі өте ауыр екендігі айтлады министрлік хабарында.