Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті
Өзбекстанда 10 қыркүйек күнгі жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскені белгілі болды
Өзбекстанда 10 қыркүйек күнгі жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскені белгілі болды.
ДСМ-нің кешкі қорытынды хабарында айтылуынша бүгін республикада вирус белгілері анықталған 749 кісі тіркелген. Бұл соңғы күндердегі ең жоғары көрсеткіш.
Сондай-ақ бүгін 343 науқастың сауығып шығып, 7 науқас көз жұмған.
Соңғы дерекке сай ел аумағында қазіргі кезде коронавирустық 45 679 жағдай расталған және одан 42 555 азамат сауыққан болып, емделу көрсеткіші 93 пайызды құрауда. Өкінішке орай 373 кісі көз жұмған.
Қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 2751 науқас індетпен күресуде, олар арасында 439 азаматтың жағдайы ауыр, 219 жан өте ауыр хәлде екендігі хабарланған.