Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны алтауға жетті
12:08 / 2020-03-16

Соңғы дерек бойынша жер бетінде коронавирус 130-дан астам ел аумағына жетіп, 170 мыңнан астам адамға жұққан


15 наурыз күні Ташкенттегі Вирусологиялық институттың зерттеу лабораториясында тіркелген алғашқы коронавирус жұқтырған өзбекстандық Франциядан келген дәрігер әйелдің күйеуі мен небересі де осы вирус індетін жұқтырғаны анықталды.

Осыған дейін 11 наурызда Парижден Ташкентке келген өзбекстандық әйел азаматтың екі баласына коронавирус жұққаны және 15 наурыз күні Түркиядан келген Өзбекстан азаматында да осы жағдай тіркелген еді. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша франциядан келген әйелдің карантинге алынған отбасы мүшелеріне де осы індет жұққан. Қазіргі уақытта Өзбекстанда коронавирус жұқтырған азаматтар саны алтауға жетті.

Қауіпсіздік шарасын сақтау мақсатында осы науқастар мен байланыста болған жандардың тізімі жасалып олардың да денсаулықтары тесерілетін болады. Қазіргі кезде дәрігерлер мен мамандардың белгілеген тәртібіне орай эпидемиялық сұрастыру жұмыстары жалғастырылуда.

Соңғы дерек бойынша жер бетінде коронавирус 130-дан астам ел аумағына жетіп, 170 мыңнан астам адамға жұққан. Құрбандар саны 6518. Аурудан сауыққандар 78 мыңнан асты.