Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 8 мыңға жуықтады
Қазіргі уақытта ауруханада 2597 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда, олардың арасында 18 азаматтың жағдайы ауыр
Бүгін Өзбекстанда коронавирус жұқтырған азаматтарды емдеу кезінде өзіде осы індетті жұқтырған дәрігер мен емделуші науқас қаза тауып, тәулік бойы 266 кісінің вирус жұқтырғаны белгілі болды.
ДСМ-нің 28 маусым кешкі қорытынды хабарына сай республикада ауруға шалдыққандардың саны 7948-ге жеткен. Сонымен қатар бүгін 81 азамат аурудан сауығып шығып, олардың саны 5329-ға жетсе, қазірге дейін 22 жанның індеттен көз жұмғаны айтылады.
Қазіргі уақытта ауруханада 2597 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда, олардың арасында 18 азаматтың жағдайы ауыр.