English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 8,2 мыңнан асты
23:54 / 2020-06-29

Соңғы екі тәулікте төрт өлім жағдайы тіркеліп, ел аумағында коронавирус жұқтырғандар күн өткен сайын тағыда артып келеді


Өзбекстанда бүгін 29 маусым тәулік бойы 167 азамат аурудан сауыққан және 274 кісі вирус жұқтырғаны белгілі болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша Өзбекстанда COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 8222-ге жетіп, олардан 5496 жан сауығып шыққан болса, бүгінге дейін аурудан 24 кісі қайтыс болған.

Соңғы екі тәулікте төрт өлім жағдайы тіркеліп, ел аумағында коронавирус жұқтырғандар күн өткен сайын тағыда артып келеді. Қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 2702 науқас індетпен күресуде, олар арасында 19 азаматтың жағдайы ауыр, 6 өте ауыр хәлде.